• Басты бет
  • /
  • Педагогтар арасында волейболдан облыстық жарыстар
Педагогтар арасында волейболдан облыстық жарыстар

30 наурызда Қостанай қаласындағы № 19 мектеп базасында Білім министрлігінің медиа жоспарына сәйкес педагогтар, оқушылар мен ата-аналар арасында волейболдан облыстық жарыс өтті. Оларға Қостанай қаласындағы № 19 және № 30 ЖББМ, Қостанай ауданының Садовая жалпы білім беретін мектебі және Меңдіқара ауданының Буденный ЖББМ қатысты.
Бірінші орын мен ауыспалы кубокты жоғары шеберлік пен командалық ойын көрсеткен № 19 ЖББМ командасы жеңіп алғанын зор қуанышпен хабарлаймыз. Екінші орында № 30 ЖББМ командасы, үшінші орында -Буденнов. ЖББМ. Осы жарыста өз командаларын қолдап, шабыттандырған педагогтарға, оқушылар мен ата-аналарға алғыс айтамыз. Олардың ынтасы, күш-жігері мен спорттық рухы бұл күнді барлық қатысушылар үшін ұмытылмас әрі есте қаларлық етті. Сіздің үлесіңізге рахмет және жаңа жарқын жеңістер тілейміз!